«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру!» атты облыстық семинар

Previous Next

2023 жылғы 29 наурыз күніШемонаиха қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің базасында ШығысҚазақстаноблысыныңмәдениетбасқармасы және ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен деректемелер мен көрнекіақпараттыңмәтіндерін орфография нормаларыжәнемәтінніңтеңтүпнұсқалыаудармасынсақтайотырып,жазуталабынқадағалаумақсатында «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру!» аттысеминар ұйымдастырылды.

Семинарға қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, Шемонаиха ауданының ауылдық округтерінің мамандары қатысты. Семинар барысында келесі тақырыптарда ақпараттар берілді.

1.Кіріспе сөз – «Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндерін орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы туралы» – Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Мұхаметкалиева Жұлдыз Серікқызы

2.«Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» - Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Абзалова Әсемгүл Мәдениетқызы

3.«Шемонаиха ауданы бойынша көрнекі ақпарат және жарнама мәселелері» – Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Олжекенова Айнаш Қуанышбекқызы

4.»Ұлан ауданы бойынша көрнекі ақпарат және жарнама мәселелері»

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сатыев Ерхат Сатыйұлы

5. «Риддер қаласы бойынша көрнекі ақпарат және жарнама мәселелері»

Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Есимбаева Эльмира Маратовна

6. «Алтай ауданы бойынша көрнекі ақпарат және жарнама мәселелері» Алтай ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры Рамазанова Гулжази Ахметбековна

Семинар соңында қатысушыларға буклеттер, кітапшалар таратылды.

Жиналған әріптестер семинар туралы ой - пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды жоспарлады.