"Отаны бірдің-тілегі бір"

Previous Next

Шараға қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ғалымдар, тіл мәселесімен айналысатын бөлім басшылары, мамандар, Достық үйінің қызметкерлері, облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Шараның мақсаты: облыста тұратын барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты одан әрі нығайту.
ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Ә.Төлемісова мерекелік шараға қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және ұлтаралық бірлікті сақтауға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мейрамғали Дәрменқұлов,Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сәуле Жұматаева, Риддер қаласының №5 орта мектебі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Варова және Алғысхаттармен Тарбағатай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назипа Ахметова, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Толқын Берікбекова марапатталды.
ШҚО әкімінің орынбасары Ш.С.Буктугутовтың Құрмет Грамотасымен Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова, Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлжан Абдукаримова, Шемонаиха ауданының мәдениет үйінің маманы Екатерина Бейсембаева марапатталды.
ШҚО мәдениет басқармасының Құрмет Грамотасымен Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнаш Ожекенова, ШҚ лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Күршім ауданы филиалының директоры Надежда Потанина, Алтай қаласының № 11 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мереке Мұқатаеваға табысталды.
Шығыс Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың мәдениетін сақтап, өз ана тілдерін оқып-үйренуі үшін барлық жағдайлар жасалған.
ШҚО мәдениет басқармасы