Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қазақ тілін үйрететін 100 орталық ашу тапсырмасы бойынша Ұлан ауданындағы Асубұлақ кентінде жаңа филиалдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Previous Next

 

Оқыту курсының кабинеті Асубұлақ ауылдық клубы ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Ашылу рәсімінде Ұлан ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерхат Сатыев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Ал салтанатты лента қию құрметі Асубұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрлан Дүйсенбаев пен Ұлан ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры Меруерт Солтановаға берілді. Кент тұрғындары болса курс филиалының ашылғанына қуанышты екендерін айтып, алғысын жеткізді.