Шығыс Қазақстан өңірінің сот қызметкерлері «Ұлттық диктант» жобасына белсене қатысуда.

Шығыс Қазақстан өңірінің сот  қызметкерлері  «Ұлттық диктант» жобасына  белсене  қатысуда.

 

2025 жылғы 7 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен өтіп жатқан Ұлттық диктант өткізілді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А.Абзалова және сот саласының мамандары қатысты.

«Ұлттық диктант» жобасының мақсаты – жазу мәдениетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту.
Шараны орталық оқытушысы Л.Кайдарова жүргізді.

Диктант мәтіні ана тілі ретінде меңгергендер үшін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан алынды.
Бұл сынақта баға қойылмайды, әркім өз білімін өзі тексереді.
«Ұлттық диктант» жобасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.