2026 жылғы 18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін арттыру.
Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілінің грамматикалық нормаларын меңгеріп, сөйлеу дағдыларын қалыптастырды. Жалпы курсқа 25 тыңдаушы қамтылып, олардың барлығы белгіленген оқу бағдарламасын меңгеріп шықты.
Шара барысында орталық басшылығы мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі әрі ұлттық құндылықтың тірегі екендігін атап өтіп, курс тыңдаушыларына алдағы қызметтерінде мемлекеттік тілді белсенді қолдануға шақырды.
Жаңалықтар
Сертификат табыстау рәсімі
Қаралды: 7
