Бүгін, 2023 жылдың 12 мамырында ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Озық тәжірибе – ортақ әдіс» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Шараға республикалық, қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтарының мамандары мен оқытушылары қатысты. Семинарды орталық директоры А. Абзалова алғысөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы «Сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әмбебап жаттығулар жүйесі» баяндамасын онлайн оқыды. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Х. Ахметова «Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде рөлін күшейту», Абай облысы лингвистикалық орталығының қазақ тілі оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі А. Тұрсынова «Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің лингвистикалық негіздері, Абай облысының лингвистикалық орталығының әдіскері Л. Серікболова баяндамаларын оқыды. Ал, аудан оқытушылары, шеберлік сабақтарын көрсетіп, іс-тәжірибиелерімен бөлісті.
Семинар соңында барлық қатысушылар баяндамалардан, шеберлік сабақтарынан алған әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Жаңалықтар
«Озық тәжірибе – ортақ әдіс» атты республикалық семинар-тренинг
Қаралды: 144