Сөз сарасы

Сөз сарасы

2026 жылғы 09 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сөз сарасы» шешендік клубының кезекті отырысы өткізілді.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен сөз болып, поэзиясының рухани құндылығы мен бүгінгі қоғамдағы маңызы талқыланды. Қатысушылар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, шешендік өнер арқылы ой өрбітіп, пікір алмасты. Кездесу қызметкерлердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, сөз мәдениетін дамытуға бағытталды.