Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» және Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жасалған Меморандум аясында «Республика күні» мемлекеттік мерекесіне орай сот ғимаратында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сот қызметкерлерінің іс-жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін арттыру, тіл мәдениетін одан ары жетілдіру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру мақсатында «Қазақ тілі» кабинеті ашылды.
Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Тургамбаев Төлеген Тұрғамбайұлы және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Абзалова Әсемгүл Мәдениетқызы құттықтау сөз сөйледі.
Жаңалықтар
ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қазақ тілі кабинеті ашылды.
Қаралды: 29