МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КУРСЫН АЯҚТАҒАН ТЫҢДАУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Previous Next

Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығының қызметкерлері мемлекеттік тілді оқыту курсын сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын жетілдірді. Оқу бағдарламасы мемлекеттік тілде еркін сөйлесуге, қызметтік құжаттармен жұмыс істеуге және кәсіби ортада тілдік құзыреттілікті арттыруға бағытталды.

Сертификаттарды табыстау рәсімінде курс тыңдаушыларының белсенділігі мен жауапкершілігі атап өтіліп, алдағы уақытта мемлекеттік тілді күнделікті қызметте кеңінен қолдануға тілектестік білдірілді.

Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін барлық тыңдаушыларға алғыс білдіреміз және алған білімдерінің игілігін көрулеріне тілектеспіз!