2025 жылғы 3 қараша күні
Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Ұлттық диктант» акциясына сот саласының өкілдері белсене қатысты.
Бұл - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, тіл мәдениетін нығайтуға бағытталған республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара биыл да кең ауқымда өтіп жатыр. Қатысушылар берілген мәтінді жазу арқылы өз білімін сынап, қазақ тілінде сауатты жазу дағдысын пысықтады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, диктант - тек емле мен грамматиканы тексеру құралы ғана емес, тілге деген құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен республикалық диктант ұйымдастырылуда. Бұл акция азаматтық жауапкершілікті арттырып, тіл мәдениетін дамытуға ықпал етеді. 13 қазаннан бері 1500-ге жуық әскери қызметші мен түрлі сала маманы қатысты. «Ұлттық диктант» 13 қарашада аяқталады. Мұндай бастамалар сот қызметкерлері үшін ерекше мәнге ие. Диктант тек сауаттылықты арттыру құралы ғана емес, сот қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі мәдени-ағартушылық іс-шараларға белсенді қатысуын, жауапкершілігі мен кәсіби дамуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл өз кезегінде тәжірибе алмасуға және тіл мәдениетін нығайтуға зор мүмкіндік береді.
