Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір

Previous Next

2023 жылғы 3 қыркүйек күні «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» атты Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі Солжағалаудағы этносаябақта аталып өтті.
Мерекеге тіл саласының қызметкерлері, тіл жанашырлары, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Облыстағы тіл саласының қызметкерлері, тіл жанашырлары тіл саясатын жүзеге асыруға, тілдерді дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алғысхатымен, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғысхатымен марапатталды.