«Тіл мәртебесі – мемлекет мәртебесі» атты семинар өткізілді

Previous Next

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) нотариустармен нотариаттық iс-әрекеттердi жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу және ұсыну мәселесі бойынша өңірлерде нотариустар арасында жұмысты күшейту аясында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – мемлекет мәртебесі» атты облыстық семинар өткізілді. Семинар модераторы А.Абзалова кіріспе сөз сөйледі.
Аталған семинарға ШҚО нотариустар палатасының төрағасы Ж.С.Бедельманова, Өскемен қаласының нотариустары, ШҚО Әділет департаментінің бөлім басшысы Раушан Еркебұланқызы Нұрсадықова, бас маманы Айгүл Болатқызы Сарсембаева, ШҚО "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Әскерхан Ақтай және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қызметкерлері қатысты. Орталық директорының орынбасары Ы.Райхан нотариаттық іс- құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілу бойынша негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар нотариустар қатарынан 1 топ тыңдаушы мемлекеттік тілге оқу курстарына қатысуға ниет білдірді.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы мен нотариустар палатасы арасында мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс- шаралар атқару туралы екіжақты келісім жасалды.