«Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым»​ атты облыстық байқауы

Previous Next

2022 жылғы 9 желтоқсанда​ Шығыс Қазақстан​ облыстық мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының​ ұйымдастыруымен​ облыстағы қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталығы​ тыңдаушыларының арасында «Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым» атты ​ облыстық​ байқауы​ өткізілді.
Байқау​ ​ қатысушылары ​ «Сөз анасы- сәлем», ​ «Ақын- ұлттың жүрегі», ​ «Білім-ырыстың тізгіні», ​ «Сұрақ бізден, жауап сізден»​ ​ кезеңдері бойынша​ сайысқа​ түсті. Қатысушылардың жұмысы және жеңімпаздарды анықтау тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандарынан тұратын қазылар алқасының шешімімен анықталды. 1- ші​ орын Литвина Виктория Сергеевна - Ұлан ауданы,
2-ші орын Тайсумова Вероника Романовна -Риддер ауданы,
3 – ші орынды Гладкова Валентина Анатольевна - Катонқарағай​ ауданы, Левин Константин​ Анатольевич Алтай​ ауданы, Беловалова ​ Ксения​ Дмитриевна Глубокое аудандары ие ​ болды.
Сайысқа​ қатысқан барлық ​ қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және​ бағалық сыйлықтармен​ марапатталды.