2025 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Ұлттық ұланы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының Өскемен гарнизоны жеке құрамына Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ләззат Әскербекқызы “Тілге құрмет - елге құрмет” акциясы аясында “Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы” атты тақырыпта дәріс берді.
Іс-шара барысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, оның қоғамдағы орны мен маңыздылығы, сондай-ақ тілді меңгерудің артықшылықтары мен қажеттілігі жан-жақты талқыланды. Жеке құрам арасында мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға бағытталған бұл кездесу тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып, олар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты. Шара соңында офицерлер мен сарбаздар зияткерлік ойын сұрақтарына жауап беріп білімдерін көрсетті.
Жаңалықтар
Тілге құрмет - елге құрмет
Қаралды: 7