2026 жылғы 10 қыркүйекте Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференция жұмысына Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушылары Л. Қайдарова және Ы. Райханқызы қатысты.
Конференция барысында мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемелері, инновациялық тәсілдер, сондай-ақ тілдік тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары талқыланып, тәжірибе алмасу жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Орталықтың оқытушыларына Алғысхаттар мен сертификаттар табысталды.
