Шырайлы Шығыста «Ұлттық диктант» жобасы жалғасын тапты

Previous Next

«Ұлттық диктант» жобасы – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған игі бастама.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы, лингвистикалық орталық қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайы» атты мақаласынан (123 сөз) үзінді жазып, өздерінің тілдік сауаттылығын көрсетті. Ал қазақ тілін екінші тіл ретінде үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдері «Отан» тақырыбындағы (93 сөз) мәтінді орындайды. Диктант мәтінін орталық оқытушысы Балжан Серікбекқызы оқыды.
Диктант екі күн қатарынан өтеді.