Бүгін Қарағанды қаласының Ресурстық тіл орталығында өзара ынтымақтастық байланыс аясында «Қазақ тілінде мезгілдік қатынастың берілу жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Қарағанды өңіріндегі оқыту орталықтарының мамандары бас қосты. Сондай-ақ іргелі жоғары оқу орындарының ғалымдары да қатысып, төменде көрсетілген мақсатқа сай семинар жұмысы қызу жүргізілді.
- мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру;
- ересектерге қазақ тілін оқытуда фунционалды грамматиканың маңыздылығын насихаттау;
- қазақ тілін оқытуда мезгілдік қатынасты білдіретін формаларды деңгейге лайықтап беру жолдарымен таныстыру;
- оқытушылар мен әдіскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Шара барысында семинар қонақтары мен орталық мамандары жеке іс-тәжірибесін ортаға салып, тіл үйретудің түрлі деңгейінде мезгілдік қатынастың берілу жолдарына қатысты шеберлік сабақтарын көрсетті. Осы мезгілдік қатынасты функционалды грамматика тұрғысынан қалай үйретуге болатыны Назарбаев университетінің профессоры З. Күзекованың еңбегін басшылыққа ала отырып түсіндірілді, практикалық жаттығулар орындалды.
Сондай-ақ Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығы тарапынан жеке көрме ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді оқытуға арналған заманауи өнімдер таныстырылды.
Шеберлік сабақтарынан кейін қатысушылар өзара пікір алмасып, әдістемелік семинарлардың берері мол екенін алға тартты. Алдағы уақытта да ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғысхаттар табысталды.
Жаңалықтар
Ынтымақтастық байланыс аясында семинар өтті
Қаралды: 382