Семей қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Үздік оқытушы" республикалық байқауы өтті. Байқауға 16 облыстан келген жүйріктер қатысты.
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін іс-шараның мақсаты - А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл біліміне қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және ересектерге қазақ тілінен сабақ беру сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу. Бұл байқауға ШҚО мәдениет басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығының тренер- оқытушысы Ләззат Әскербекқызы Кайдарова қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, мемлекеттік тілді оқытудағы еңбегіне жеміс тілейміз! Жеңіс құтты болсын!
Жаңалықтар
Үздік оқытушы
Қаралды: 48