«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру»» атты облыстық семинар

Previous Next

2024 жылғы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және тарихи- мәдени мұра бөлімінің ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру»» атты облыстық семинар өткізілді. Іс- шара тіл заңнамаларындағы бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекi ақпаратты орналастыру кезінде тiл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпараттар мен деректемелердің дұрыс жазылуын қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың құзыретін нақтылауға бағытталды. Семинардың күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және тарихи- мәдени мұра бөлімінің басшысы Казимова Гүлжан Ахметбекқызы «ШҚО облысы бойынша көрнекі ақпараттарды орналастыру мәселесінің ахуалы», ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы Талапжан Рахатұлы Қауашев «Аншлаг және жарнамаға қойылатын талаптар»,ШҚО Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Зәуре Мұратбекқызы Қаппасованың «Қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқығы және мемлекеттік тіл», ШҚО Мемлекеттік Кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Ғазиз Даниярұлы Асылғазы - «Бақылау кассалық аппараттары және мемлекеттік тіл» туралы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Федоровна Смит «Тегін әдістемелік көмек. Өскемен қаласының көрнекілік ақпарат пен жарнамаларды заңға сәйкестендірудегі іс-тәжірибесі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Риддер қалалық филиалының директоры Зухра Бейгазықызы Дсюпова - «Кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің маңызы» тақырыптарында баяндамалар жасады. Семинар барысында деректемелер мен көрнекі ақпаратта орын алатын бұзушылықтар мен қателерді түзету және олардың алдын алу мақсатында атқарылуға тиісті шаралар жайлы айтылды. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың тәжірибесінде кездескен бірқатар бұзушылықтар талқыға салынып, алдағы уақытта деректемелер мен көрнекі ақпараттарды тіл заңнамасы талаптарына сәйкестендіру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі мақұлданды. Сонымен қатар, қызмет көрсету және сауда-саттық орындарындағы чектерді басып шығаратын бақылау-касса машиналарының жаңа моделі алдағы уақытта екі тілде (қазақ және орыс) іске қосылатын болады.Семинар жұмысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ арнайы шақырылған заңгер сарапшылардың ұсыныстары негізінде жасалған ұсынымдамасымен қорытыланды.
Семинарға қала, аудандардағы тіл бөлімдері, кәсіпкерлік палатасы қызметкерлері онлайн түрде қатысты.