Для того чтобы наш родной язык стабильно развивался в нашей стране, язык воспитания и общения в семье должен быть казахским. Ребенок, который растет в семье, владеющей казахским языком и применяющей казахский язык в своей повседеневной жизни, с возрастом

Previous Next

Біздің ана тіліміз өз елімізде тұрақты дамуы үшін отбасында тәрбие, қарым-қатынас тілі қазақша болу керек. Отбасында қазақ тілін біліп өскен бала өсе келе өз тілін ұмытпайды. Мен Бауыржан Момышұлының мына бір сөзін үнемі тыңдаушыларыма да айтамын. «Егер бала отбасында өзінің әкесін, анасын сыйламаса, аға-әпкесін құрмет тұтпаса ондай бала өскенде өз отанын, тілін сүймейді. Отанға, тілге деген махаббат ата-анасын қадір тұтқан балада болады. Олар отбасында ата-ананың қадірін біліп өседі, жылуын сезіп өседі, сондықтан да мұндай бала өскенде өз елінің нағыз патриоты бола алады» дейді. Қазақ тілі рухани құндылыққа тұнып тұрған тіл. Жалпы тіл – ұлт деген ұғыммен бірге жүреді. Бірақ біздің қоғамда басқару элитасының көпшілігінің рухани құндылықтары, қатынас тілі орыс тілмен біте қайнасып жатқаны жасырын емес. Сондықтан да мемлекеттік мекемелерде қазақ тілінің қолданыс аясы тар болғандықтан алға баспай келе жатыр. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы осы бір олқылықтың орнын толтырады деген сенімдемін. Мемлекеттік тілдің болашағы үшін аса маңызды тұжырымдаманы іске асыруда әрбір мемлекеттік мекеме осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып өздерінің іс-шара жоспарларын жасап жұмыс жүргізетін болады. Сонымен қатар мемлекеттік тілді дамыту мәселесін сөз еткенде заманауи форматта оны цифрландыру керек екенінде ұмытпау керек. Өйткені қоғам күнделікті өзгеріп, күніне жаңа технологиялар іске қосылып жатыр. Қазақ тілінің осы бір өзгерістен қалыспай бірге ілесіп отыруы үшін оны міндетті түрде цифрландыру керек. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілді цифрландыру, оны дамытуда жасанды интеллектіні қолданудың ерекшелігі жайлы семинарлар өткізуде. Осы бағыттағы жұмыс Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында да жүріп жатыр. Мен өз сабағымда жазылым жұмыстарын жасанды интеллектінің көмегімен өткіземін. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін ұлты қазақ азаматтарға мен үнемі айтамын керек ақпаратты қазақ тілінде гуглден іздеңіз, ауа райын қазақша Алисадан сұраңыз, терминалдан ақша алған кезде қазақ тілінде теріңіз, қазақ тіліндегі фильмдерді көріңіз, әлеуметтік желіге қазақ тілінде сауатты әрі қатесіз пікір жазыңыз, қазақпен қазақша сөйлесіңіз деп айтамын. Қазақ тіліндегі БАҚ өнімдерін оқуды сұраймын.

 

Сіз оқытушы ретінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген деңгейдегі тыңдаушыларды мемлекеттік тілге оқыту процесінде қандай әдіс тәсілдерді қолданасыз?
Мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында мемлекеттік тілден сабақ беремін. Тыңдаушыларым әр түрлі деңгейде. В1 деңгейінің тыңдаушыларын оқыту барысында жағдаяттық тапсырмаларды көбірек беруге тырысамын. Биылғы оқу жылында сабақ барысында мемлекеттік тіл, кітап оқу төңірегінде дөңгелек үстелдер, сұрақ жауап алаңы, ақпараттық стенд және бірнеше мекеменің қызметкерлері қатысқан конференция сабақтары өтті. Сабақты түрлендіріп өткізсе тыңдаушылар қызығушылықпен қатысады. Ол үшін, әрине, оқытушы үнемі ізденісте болуы керек. Мен өзімнің тәжірибемде заманауи форматтағы сабақтар түріне атап айтсам «Асыл қазына», «1 минут» «Ouiz» зияткерлік ойын түріндегі сабақтарға тыңдаушылар белсене қатысады. Биылғы оқу жылында ТедХ форматында сабақтарды жиі өткізуге тырыстым. Өйткені бұл форматтағы сабақта сөйлеуші ең алдымен өзінің айтар ойын жинақтап көпшілік алдында сөйлеуге үйренеді.
C1 деңгейінің тыңдаушыларына сабақ өткізген кезде фильмдерден үзінді көрсете отырып, оны талқылау, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, кейіпкердің мінезін сипаттау үшін ашық алаң секілді форматты жиі қолданамын. Мемлекеттік тілді оқыту процесінде осындай жаңа технологиялық әдістерді қолдануға тырысамын.